Түркияның танымал актрисасы есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: «Ғажайып ғасыр» сериалынан кадр

Түркияның Ыстанбұл қаласында жезөкшелік пен есірткіге қатысты қылмыстар бойынша тергеу жүріп жатыр. Осы іске байланысты 35 адамды ұстауға ордер беріліп, оның 23-і қолға түсті. Ұсталғандардың арасында танымал актер Өзжан Дениз де бар деп жазады Anadolu басылымы.

Түркия прокуратурасының мәліметінше, тергеу есірткі саудасы, есірткі тарату, оны жеткізу, қолдану және сақтау, сондай-ақ жезөкшелікке қатысты қылмыстар бойынша жүргізіліп жатыр.

Ұсталған 23 адамның қатарында Дениз Сөзен, Мехмет Джан Каржы, Мұрат Джейлан, Дениз Чакыр Байкал, Пынар Бент, Джейлан Кая, Ышыл Ышык Демир, Ибрахим Иззет Өзилхан, Бурхан Каража, Джем Гүлер, Эрдал Бозкуш, Ибрахим Йылмаз, Өзжан Дениз, Сагар Шожаеи, Илкнур Шахин, Бурджу Өзберк, Мелтем Өзкаядан, Сехер Гротхе Севдишан, Мұрат Башоғлу, Уфук Гүндогду, Онур Юксель, Джансу Ташкын және Муаммер Капуджиоғлу бар.

Прокуратураның хабарлауынша, күдіктілердің жауаптары, куәгерлердің айғақтары, тәркіленген телефондар мен цифрлық құрылғыларға жүргізілген сараптама нәтижелері, сондай-ақ құпия куәгерлердің мәліметтері тергеуге негіз болған. Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Ыстанбұл прокуратурасы жүргізіп жатқан есірткі ісі бойынша танымал тұлғаларға қатысты тергеу биыл көктемде басталған, содан бері ондаған әртіс осы іске қатысы бар деген күдікпен ұсталды.

Оқи отырыңыз:

Сондай-ақ оқыңыз