Алматыда тұрғын үй өртеніп, бес адам қаза тапты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Shutterstock

Алматының Бостандық ауданында жеке тұрғын үй өртеніп, бес адам қаза тапты. Олардың арасында кәмелетке толмаған бала да бар.

26 қарашада таңғы сағат 03:44-те 112 пультіне Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Төтенше жағдайлар департаментінің алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі шақырту түскеннен кейін төрт минуттан соң оқиға орнына жеткен.

Өрт сөндірушілер келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, жалын қарқынды таралған.

Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Тілсіз жаумен күресуге ТЖД жеке құрамынан шамамен 35 қызметкер мен тоғыз бірлік техника жұмылдырылған.

Оқиға орнынан бес адамның, оның ішінде бір кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз