Атырау облысында қайтыс болған Қарабалиндердің туыстары ас бергелі жатыр

Атырау облысында бастапқыда іс-түссіз жоғалып, кейіннен сүйегі үй маңынан табылған Қарабалиндердің туыстары ас берілгелі жатыр.
Айта кетейік, 2025 жылдың 25 желтоқсанында Атырау облысы полициясы іс-түссіз жоғалған бір отбасының 4 адамына іздеу жариялады. Іздеу барысында ерлі-зайыпты Максот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның сүйегі өздері тұрған үй аумағынан табылды. Арада бірнеше ай өткеннен кейін отбасының қызы Мейрамгүл Қарабалина мен ұлы Наурыз Мұқанғалиевтың да сүйегі қазып алынды.
«Ағамыз Мақсот Қарабалин, жеңгеміз Нәсіп Өтемқалиева, сіңіліміз Мейрамгүл, ініміз Наурыз марқұмдардың рухтарына құран бағыштап, дұға жасауға арналған еске алу асына шақырамыз», – делінген ақпаратта.
Ас 2026 жылдың 26 желтоқсаны сағат 9:00-де Миялы ауылындағы «Ақсәуле» дәмханасында беріледі.
Төрт адамның өлімі
Төрт адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды. Іс материалдарына сәйкес, отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев 2025 жылдың мамырында жалдап тұрған үйінде қайын ағасы Наурыз Мұқанғалиевті пышақтап өлтірген. Кейін мәйітін үйдің маңына көміп, жақындары күмәнданбас үшін оның атынан хабарламалар жазып отырған.
Сол жылдың қазанында Жангелдин ауылында тұратын бұрынғы қайын атасы мен енесін де өз үйінде пышақтаған. Жерді 1 метр 30 сантиметр етіп қазып, екі адамның мүрдесін сол жерге көмеді.
Осыдан кейін бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиева мен қайын апасы Мейрамгүл Қарабалинаны ертіп Атырауға барған. Қалада қайын апасы Мейрамгүлді де пышақтап өлтіріп, мәйітін Наурыздың жанына көмген.
Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ал әйелі Ақбаян Мұқанғалиева тігін тігіп, жазу-сызуды үйреніп жүр. Оған қазір туысы қамқорлық жасап жатыр.