«Қайрат» – «Мьельбю»: Конференция лигасының матчын қайдан көруге болады

Бүгін, 26 қарашада алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінің төртінші турында швециялық «Мьельбю» клубымен кездеседі.
Алматыда өтетін кездесудің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 20:30-да басталады. Матчты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Конференция лигасының жалпы кезеңінде үш матч өткізген «Қайраттың» еншісінде екі ұпай бар. Ал швециялық «Мьельбю» үш кездесуде жеті ұпай жинаған.
Өткен турда алматылық клуб сырт алаңда италиялық «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсіп, сенсациялық нәтиже көрсеткен еді. Ал «Мьельбю» өз алаңында Босния және Герцеговинаның «Борац» клубын 2:0 есебімен жеңді.
Швециялық командамен кездесуден кейін «Қайрат» Конференция лигасының жалпы кезеңінде тағы екі матч өткізеді. Алматы клубы румыниялық «Университатя» (Крайова) және нидерландтық «Твенте» командаларымен кездеседі.
Ал «Мьельбю» қалған екі турда кипрлік «Пафос» және италиялық «Аталанта» клубтарымен ойнайды.
Оқи отырыңыз: Қайрат Боранбаев «Реал Мадрид» президенті Флорентино Переспен кездесті