Қарашаның қысқа күндері: Қазақстанның қай өңірінде күн ерте батады (инфографика)

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
фото: NY

26 қарашада Өскеменде күн батқан сәтте Ақтауда күннің батуына әлі 2 сағат 28 минут қалады. Таңертең де айырма екі сағаттан асты. Алматы мен Талдықорғанда күн шыққанда, Оралда күннің шығуына 2 сағат 11 минут бар болады. Kursiv.Media 17 облыс орталығы мен Астана, Алматы және Шымкенттегі күннің шығуы мен батуын салыстырып, интерактивті картада көрсетті.

26 қараша 2026 · UTC+5

Қазақстанда күн қашан шығып, қашан батады?

Картадан өңірді таңдаңыз. Уақыт облыс орталығы бойынша көрсетілген.

15:42 16:13 17:15 16:18 17:47 17:34 16:43 16:09 16:13 16:36 17:01 18:02 15:47 16:06 16:55 16:42 15:34 16:14 16:20 16:52
ЕртерекКешірек
Барлық қаланың уақыты
ҚалаКүн шығадыКүн батады
Өскемен06:5915:34
Семей07:1015:42
Павлодар07:3115:47
Петропавл08:1516:06
Талдықорған06:5816:09
Көкшетау08:0616:13
Қарағанды07:3616:13
Астана07:4816:14
Қонаев07:0016:18
Алматы06:5816:20
Қостанай08:2916:36
Жезқазған07:5016:42
Тараз07:2016:43
Шымкент07:2516:52
Түркістан07:3316:55
Қызылорда07:4917:01
Ақтөбе08:4217:15
Орал09:0917:34
Атырау08:5117:47
Ақтау08:4218:02
Уақыт минутқа дейін дөңгелектелген. Атмосфера мен жер бедеріне қарай күннің көріну сәті өзгеруі мүмкін. Есептеу әдісі — NOAA. Карта — geokz / galymorg.

Ең ұзақ күндізгі уақыт Шымкентте, ең қысқасы Петропавлда

Картаға енген 20 қаланың ішінде күндізгі уақыт Шымкентте 9 сағат 27 минутқа созылса, Петропавлда 7 сағат 51 минут болды. Яғни Шымкентте күн көкжиектен 1 сағат 36 минут ұзағырақ көрінеді.

Қалалардың шығыс пен батыста орналасуы күннің сағат бойынша қашан шығып, қашан бататынына әсер етеді. Ал қарашаның соңында солтүстікке қарай күн қысқара түседі. Сондықтан күн ең ерте бататын қала Өскеменде болса, ең қысқа күндізгі уақыт Петропавлда.

Сондай-ақ оқыңыз