Қазақстанда азаматтық алуға арналған тестілеудің күні белгілі болды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстан азаматтығын алуға арналған тестке өтініш қабылдау басталады
Қазақстан азаматтығын алуға арналған тестке өтініш қабылдау басталады / фото: shutterstock

Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлерге арналған тестілеуге өтініш қабылдау 27 қараша мен 7 желтоқсан аралығында өтеді. Тестілеудің өзі 8 желтоқсанға белгіленген. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Өтініштер 7 желтоқсан күні сағат 18:00-ге дейін app.testcenter.kz сайтында немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы қабылданады. Тестілеуге қатысу құны 14 693 теңгені құрайды.

ҰТО мәліметінше, емтихан үш блоктан тұрады:

  • қазақ тілі – 30 тапсырма (шекті балл – 15);
  • Қазақстан Конституциясының негіздері – 40 тапсырма (шекті балл – 20);
  • Қазақстан тарихы – 30 тапсырма (шекті балл – 15).

Конституция негіздері мен Қазақстан тарихы бойынша тест сұрақтарын қазақ немесе орыс тілінде тапсыруға болады. Ең жоғары балл – 100, ал тесттен сәтті өту үшін үміткер кемінде 50 балл жинауы қажет.

Уақыты және сынамалы тестілеу

Тапсырмаларды орындауға 2 сағат 10 минут беріледі (мүгедектігі бар азаматтарға қосымша 30 минут қарастырылған).

Дайындықты пысықтағысы келетін үміткерлер app.testcenter.kz сайтындағы «Сынамалы тестілеу» бөлімі арқылы алдын ала тест тапсырып көре алады. Оның құны — 3 355 теңге.

Сондай-ақ оқыңыз