104 доллардан 89 долларға дейін: қарашада мұнай бағасы қалай құбылды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
фото: NY

Brent мұнайының бағасы қарашаның алғашқы сауда күні барреліне 104,77 доллар болса, 23 қарашада 89,37 долларға дейін түсті. Содан кейін үш сессия қатарынан қымбаттап, 26 қарашадағы сауданы 96,57 доллармен жапты. Осылайша Brent соңғы үш сессияда 8,1% қымбаттағанымен, айдың алғашқы сауда күнінен бері 7,8% арзандады.

Қарашада мұнай бағасы қалай өзгерді?

2026 жылғы 2–26 қараша · бір баррельдің бағасы, АҚШ долларымен

BrentҚаңтар фьючерсінің күндік жабылуы

96,57 $ −7,8% 2 қарашамен салыстырғанда

105 100 95 90 85 2 қараша · 104,77 доллар 3 қараша · 103,60 доллар 4 қараша · 94,62 доллар 5 қараша · 98,29 доллар 6 қараша · 98,32 доллар 9 қараша · 92,57 доллар 10 қараша · 91,49 доллар 11 қараша · 92,76 доллар 12 қараша · 95,82 доллар 13 қараша · 95,84 доллар 16 қараша · 92,44 доллар 17 қараша · 93,14 доллар 18 қараша · 91,95 доллар 19 қараша · 91,98 доллар 20 қараша · 92,57 доллар 23 қараша · 89,37 доллар 24 қараша · 91,40 доллар 25 қараша · 94,61 доллар 26 қараша · 96,57 доллар 104,77 89,37 96,57 2.11 6.11 12.11 16.11 20.11 26.11
Brent бағасын күн бойынша көру
КүніБағасы, $
2 қараша104,77
3 қараша103,60
4 қараша94,62
5 қараша98,29
6 қараша98,32
9 қараша92,57
10 қараша91,49
11 қараша92,76
12 қараша95,82
13 қараша95,84
16 қараша92,44
17 қараша93,14
18 қараша91,95
19 қараша91,98
20 қараша92,57
23 қараша89,37
24 қараша91,40
25 қараша94,61
26 қараша96,57

Brent дерегі — Investing.com.

Ай басында мұнай неге арзандады?

2 қарашада Brent бір сессияда 7,6% арзандап, барреліне 104,77 долларға түсті. Reuters мұны Иран мен Қатар өкілдерінің келіссөздерімен байланыстырды. Нарықта қақтығыс бәсеңдеп, Таяу Шығыстан мұнай жеткізу қалпына келуі мүмкін деген үміт күшейді. 4 қарашада Brent 94,62 долларға дейін арзандап, 6 қарашада 98,32 долларға қайта көтерілді.

90 доллардан төмен түскен баға қайта көтерілді

Ай ортасында Brent негізінен 91–96 доллар аралығында саудаланды. 23 қарашада баға бір күнде 3,5% төмендеп, 89,37 доллармен жабылды. Бұл шамамен үш айдағы ең төменгі жабылу бағасы еді. Reuters дерегінше, сол күні Таяу Шығыстан мұнай жеткізілімі артып, Ливиядағы Шарара мұнай құбыры қайта іске қосылған.

Апта соңына қарай нарықтың назары қайтадан жеткізілім тәуекеліне ауды. Ормұз бұғазындағы танкерлерге және Сауд Арабиясының энергетикалық инфрақұрылымына жасалған шабуылдар экспортқа қатысты алаңдаушылықты күшейтті. 26 қарашада Brent 96,57 долларға жетіп, 6 қарашадан бергі ең жоғары деңгейде жабылды. 27 қарашада Қазақстан уақытымен сағат 06:40-та баррель 96,19 доллардан саудаланды.

Сондай-ақ оқыңыз