Алматыда өрт шыққан үйдің маңында түсірілген видео тарады

Алматының Бостандық ауданында 26 қарашада жеке тұрғын үй өртеніп, бес адам қаза тапты. Журналист Михаил Козачков Telegram каналында өртенген үйдің маңындағы видеокамераға түсіп қалған кадрларды бөлісті. Ол жерде өрт басталмастан бірнеше минут бұрын нысанған бір әйелдің кіргені түсірілген.
Видеоны түсірген ер адамның айтуынша, әйел үйге бірер минутқа кіріп шыққан. Біраздан кейін үйден түтін шыға бастаған.
Айта кетейік, 26 қараша сағат 03:44-те 112 пультіне жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер төрт минутта соң оқиға орнына жеткен. Алайда сол кезде тұрғын үй толығымен отқа оранған. Өртті сөндіруге шамамен 35 қызметкер мен тоғыз бірлік техника жұмылдырылған. Сағат 04:42-де өрт толық сөндірілген. Оқиға орнынан бес адамның, оның ішінде кәмелетке толмаған бір баланың мәйіті табылды.
Содан кейін Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алайда қылмыстық істің қандай бап бойынша қозғалғаны нақтыланбады.
Козачковтың жазуынша, тергеу өрт қасақана қойылған болуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырып жатыр. Енді құқық қорғау органдары бейнежазбадағы әйелдің бұл оқиғаға қандай қатысы барын анықтайды.
KursivMedia Алматы қаласы полиция департаментіне видеоға қатысты сауал жолдады. Материал жарияланғанға дейін жауап келмеді.