Анарбеков пен Тапалов Конференция лигасының үздік ойыншылары қатарына енді

Алматылық «Қайраттың» екі футболшысы – қақпашы Темірлан Анарбеков пен қорғаушы Еркін Тапалов Sofascore статистикалық порталының нұсқасы бойынша УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турдың символикалық құрамасына енді.
Швециялық «Мьельбюге» қарсы кездесуде жеті сейв жасап, қақпасына гол жібермеген Темірлан Анарбеков ең жоғары 10,0 балл алып, аптаның үздік ойыншысы атанды.
Ал кездесудің 14-минутында жеңіс голын соққан Еркін Тапалов 8,3 балл жинап, символикалық құраманың оң қапталдағы қорғаушысы ретінде таңдалды.

Сонымен қатар Анарбеков Конференция лигасының төрт кездесуінде 21 сейв жасаған. Қазақстандық қақпашы бұл көрсеткіш бойынша турнирде төртінші орында тұр. Ол тек Йоханнес Крайдль (24), Федор Лапоухов (22) және Радослав Маецкийден (22) қалып келеді.
Еске сала кетейік, Алматының Орталық стадионында өткен кездесу «Қайраттың» 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Еркін Тапалов үшін бұл кездесу «Қайрат» сапындағы соңғы матч болды. Футболшының клубпен келісімшарты 30 қарашада аяқталады.
«Қайрат» Конференция лигасындағы келесі кездесуін де Алматыда өткізеді. 10 желтоқсанда алматылықтар румыниялық «Университатя Крайова» командасын қабылдайды.