Ақмола облысында сағатына 30 тонна жем өндіретін цех іске қосылды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Ақкөлде Қытайға экспорттауға арналған жем ұны өндірісі іске қосылдым
Ақкөлде Қытайға экспорттауға арналған жем ұны өндірісі іске қосылдым / фото: Ақмола облысың әкімдігі

Ақмола облысының Ақкөл ауданында астықты сақтайын, және жем өндіретін кәсіпорын ашылды. Алдағы уақытта кәсіпорын сағатына 30 тоннаға дейін жем өндіруді және оны Қытайға экспорттауды жоспарлап отыр.

Кәсіпорынның негізгі қызметі – астықты сақтау және қоймалау, сондай-ақ жем ұнын өндіру. Астық тазалау жабдықтарын жаңғыртып, жаңарту нәтижесінде элеватордың астықты бір мезгілде сақтау қуаты 30 мың тоннаға жетті.

Қазіргі уақытта кәсіпорында жаңа өндірістік цехтың технологиялық жабдықтарын іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өнім әзірге сынақ режимінде сағатына 2 тонна көлемінде шығарылуда. Іске қосу-баптау жұмыстары аяқталып, жабдық жобалық қуатына шыққаннан кейін өндіріс көлемін сағатына 30 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Жаңа цех жылына 96 мың тоннаға дейін шикізатты өңдеуге мүмкіндік беріп, қосылған құны жоғары әрі сұранысқа ие өнім шығаруды қамтамасыз етеді. Дайын өнімді өткізудің негізгі нарығы Қытай Халық Республикасы болады.

Жобаның жүзеге асырылуы Ақкөл ауданының өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге және өңір өнімдерінің экспорттық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз