Елде биыл 900-ден аса орман өрті тіркелді
Жарияланды

Елде биыл мемлекеттік орман қоры аумағында 902 өрт тіркелді. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарлауынша, 2025 жылы жалпы 618 өрт тіркелген.
Мамандар өрт саны артқанына қарамастан, жалын шарпыған орман алқабы былтырмен салыстырғанда 46%-ға азайғанын мәлімдеді.
2025 жылы 27,5 мың гектар орман аумағы өрттен зардап шеккен. 2026 жылы 14,9 мың гектарды өрт шарпыған.
Орманда шыққан өртті дер кезірде сөндіру үшін 2023-2026 жылдары 2 204 бірлік арнайы техника сатып алынған.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ормандарды қалпына келтіруге 300 млн теңге жұмсалады