Елдің бес облысында ауа райына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото ЖИ арқылы жасалған

27 қараша таңғы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бес облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді. Кейбір жол учаскелерінде барлық көлік түрінің қозғалысы тоқтатылса, бірқатар бағытта жүк көліктері мен автобустарға шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.

Ақтөбе облысы

  • Ресей шекарасынан Ақтөбе, Қандыағаш, Доссор арқылы Атырауға дейінгі жолдың Қандыағаштан Атырау облысының шекарасына дейінгі 104–337 шақырым аралығында барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді.
  • Ресей шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – Қытай шекарасы бағытындағы жолдың Ақтөбеден Қарабұтаққа дейінгі 776–965 шақырым аралығында жүк көліктері, автобустар және жазғы дөңгелекпен жүрген көліктерге шектеу қойылды.
  • Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы бағытындағы жолдың Қобда ауылынан Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі 108–200 шақырым аралығында жүк көліктері, автобустар және жазғы дөңгелекпен жүрген көліктердің қозғалысы шектелді.

Атырау облысы

Ресей шекарасы – Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау автожолының Ақтөбе облысының шекарасынан Сағыз ауылына дейінгі 337–346 шақырым аралығында барлық көлік түрінің қозғалысы тоқтатылды.

Батыс Қазақстан облысы

Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы автожолының Ақтөбе облысының шекарасынан Жымпиты ауылына дейінгі 200–333 шақырым аралығында жүк көліктері, автобустар және жазғы дөңгелекпен жүрген көліктерге шектеу енгізілді.

Ақмола облысы

Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы бағытындағы жолдың Щучинск қаласынан Астанаға дейінгі 18–232 шақырым аралығында барлық көлік түрі үшін жылдамдық сағатына 140 шақырымнан 110 шақырымға дейін төмендетілді.

Қарағанды облысы

Астана – Қарағанды – Алматы автожолының екі учаскесінде жылдамдық шектелді:

  • Жібек жолы ауылынан Анар станциясына дейінгі 30–92 шақырым аралығында;
  • Анар станциясынан Теміртау қаласына дейінгі 92–164 шақырым аралығында.

Бұл учаскелерде барлық көлік түрі үшін жылдамдық сағатына 140 шақырымнан 110 шақырымға дейін төмендетілді.

Оқи отырыңыз: Қысқы жолға шығарда жүргізушілер нені ұмытпауы керек

Сондай-ақ оқыңыз