Мәслихат сайлауы күні полиция қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтеді

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
/ Фото: shutterstock

Мәслихат депутаттарын сайлауға орай Ішкі істер министрлігі қауіпсіздік пен тәртіпті күшейтуге кірісті. Ел бойынша ашылатын 10 мыңнан астам учаске тексеріліп, дауыс беру күні тұрғындардың емін-еркін келуіне жағдай жасалады.

Polisia.kz мәліметінше, сайлауға дайындық аясында дауыс беру орындарының терроризмге қарсы қорғалу деңгейі тексеріліп, тиісті мемлекеттік органдар мен қызметтермен бірлескен жұмыс жолға қойылған.

Сайлау күні тәртіп сақшылары учаскелер мен олардың маңында қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Негізгі назар құқық бұзушылықтың алдын алуға, азаматтардың қауіпсіздігіне және әр адамның дауыс беру құқығын еш кедергісіз іске асыруына аударылады.

Министрлік сайлау өтетін кезеңде заңдылық пен қауіпсіздікті сақтау ісін тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Еске сала кетейік, 29 қарашада Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. Дауыс беру күні ел бойынша 10 338 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаушылар тізіміне 12 млн 679 мың 459 адам енгізілген.

ОСК мәліметінше, сайлауды бақылау үшін 258 қоғамдық бірлестік пен коммерциялық емес ұйым аккредиттеуден өткен. Оның 13-і орталық сайлау комиссиясында, 245-і аумақтық сайлау комиссияларында тіркелген. 

Сондай-ақ оқыңыз