«Қайрат» Конференция лигасындағы алғашқы жеңісі үшін 400 мың еуро табыс тапты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматинский «Кайрат» перед домашним матчем Лиги конференций с шведским «Мьельбю»
фото: ФК «Қайрат»

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Конференция лигасының жалпы кезеңінде швециялық «Мьельбюді» 1:0 есебімен жеңіп, 400 мың еуро көлеміндегі сыйақыға ие болды.

УЕФА бекіткен қаржылық регламентке сәйкес, 2026/27 жылғы маусымда Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі әр жеңіс үшін клубтарға 400 мың еуро (240 млн теңге), ал тең ойын үшін 133 мың еуро (79,8 млн теңге) төленеді.

Алматылық клуб бұған дейін латвиялық «Рига» және италиялық «Аталантамен» тең ойнап, 266 мың еуро көлемінде сыйақы иеленген еді. Осылайша төрт турдың қорытындысы бойынша «Қайрат» матч нәтижелері үшін 666 мың еуро (399,6 млн теңге) табыс тапты.

Бұдан бөлек, Конференция лигасының жалпы кезеңіне жолдама алған әр клубқа 3,17 млн еуро көлемінде базалық төлем қарастырылған. Осы төлемді қоса есептегенде, алматылық клубтың Конференция лигасындағы сыйақысы кемінде 3,836 млн (2,3 млрд теңге) еуроға жетті. Бұл сомаға коммерциялық төлемдер мен турнир кестесіндегі қорытынды орын үшін берілетін сыйақы кірмейді.

«Қайрат» • Конференция лигасы

Сыйақылар (2026/27 маусым)

Жалпы кезеңге шыққаны үшін
Базалық төлем
3 170 000 €
«Ригамен» тең ойын
Латвия
133 000 €
«Аталантамен» тең ойын
Италия
133 000 €
«Мьельбюді» жеңгені үшін
Швеция • 1:0
400 000 €
Базалық төлем + матч нәтижелері
3 836 000 €
Келесі кездесулер: «Университатя Крайова» және «Твенте». Екі матчта да жеңіске жетсе — қосымша 800 000 €.
УЕФА қаржылық регламенті • 2026/27 маусым

«Қайраттың» алда румыниялық «Университатя Крайова» және нидерландтық «Твентемен» кездесулері бар. Алматылықтар екі матчта да жеңіске жетсе, қосымша 800 мың еуро табыс табады.

Еске сала кетейік, «Мьельбюге» қарсы кездесудегі жалғыз голды 14-минутта Еркін Тапалов соқты. Бұл «Қайраттың» Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңісі болды.

Сондай-ақ оқыңыз