Қазақстанның қай өңірінде қашықтан жұмыс істейтіндер көп

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
фото: NY

Елде қашықтан жұмыс істейтін 39,4 мың адамның 15,9 мыңы Маңғыстау облысында. Бұл Алматы мен Шымкенттегі көрсеткішті қосқаннан да көп. Kursiv.Media өңірлерді қашықтан жұмыс істейтіндер саны мен олардың жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлесі бойынша салыстырып, интерактивті картада көрсетті.

Қазақстанның қай өңірінде қашықтан жұмыс істейтіндер көп?

Ел бойынша 39 399 адам қашықтан жұмыс істейді. Бұл жұмыспен қамтылғандардың 0,42%-ы.

Өңірлер рейтингі
№ӨңірАдам саны
Үлес өңірдегі жұмыспен қамтылған халыққа шаққандағы көрсеткіш. Батыс Қазақстанның көрсеткіші берілмеген. Карта — geokz / galymorg.

Алматыда адам көп, Шымкентте үлес жоғары

Қашықтан жұмыс істейтіндер саны бойынша Маңғыстаудан кейін Алматы мен Шымкент тұр. Алматыда мұндай жұмыс тәртібімен 4 559 адам еңбек етсе, Шымкентте олардың саны 3 756. Алайда жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлесі Шымкентте екі есе жоғары – 0,80%, Алматыда 0,39%.

Маңғыстауда бұл көрсеткіш 4,19%-ға жетеді. Яғни облыста жұмыспен қамтылған әр 24 адамның шамамен бірі қашықтан еңбек етеді. Ел бойынша орташа көрсеткіш — 0,42%.

Саны көрсетілген өңірлердің ішінде ең төмен көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда тіркелген. Онда 24 адам қашықтан жұмыс істейді. Батыс Қазақстан облысы бойынша кестеде дерек көрсетілмеген.

Сондай-ақ оқыңыз