Шекарадан 200 мың долларды жасырын алып өтпек болған шетелдік ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
ҰҚК / заңсыз қаржы шығару
фото: ҰҚК

16-25 қараша аралығында Қазақстан шекарасынан қолма-қол ақшаны заңсыз алып шығудың 59 әрекеті анықталды. Шекарашылар жалпы сомасы 508 млн теңгеден асатын декларацияланбаған валютаны тәркіледі, деп хабарлайды ҰҚК.

18 қарашада Ақтөбе облысындағы шекара бекетінде Қазақстан азаматының жүгінен 4 млн 441,5 мың рубль табылған. Бұл шамамен 23 млн теңге. Ал 23 қарашада «Қордай» өткізу пунктінде шетелдік азаматтың 200 мың долларды Қазақстаннан жасырын алып шықпақ болған. Бұл ақша шамамен 91 млн теңгеге тең.

Аталған екі жағдай бойынша материалдар тиісті шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жіберілген.

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан заңнамасына сәйкес, елден 10 мың доллардан асатын қолма-қол ақшаны алып шығуға тыйым салынғанын еске салды. Яғни, одан көп соманы шекарадан алып өтуге болмайды.

Оқи отырыңыз: 95 млн теңге тапқан: TikTok-та заңсыз ойын ұйымдастырғандар сотталып кетті

Сондай-ақ оқыңыз