Таразда жасөспірімдер түсірген әдепсіз видеоға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
Полиция завела уголовное дело после гибели двух рабочих на "Казцинк"
Жасөспірімдер түсірген әдепсіз видеоға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды / Фото: Shutterstock

Таразда кәмелетке толмағандардың қатысуымен түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Полиция оқиғаға қатысқан жасөспірімдердің барлығын анықтап, ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізген. Сонымен қатар видеоны әлеуметтік желіде таратқандарға қатысты да қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін оқиға туралы Halyqstan сайты жазған болатын. Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған видео шамамен 14 минутқа созылады. Онда Тараздағы мектептердің бірінде оқитын жасөспірімдер бейнеленген.

Жамбыл облысының полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Полицияның хабарлауынша, жасөспірімдердің барлығы ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізілген. Қазір олармен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмағандар профилактикалық есепке қойылған.

Ал ата-аналары бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, полиция білім басқармасы мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға құқық бұзушылыққа себеп болған жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізген.

Видеоның таралуына қатысты да іс қозғалды

Полиция әлеуметтік желіде видеоны таратқандарға қатысты да қылмыстық іс қозғаған. Ведомство порнографиялық материалдар мен өзге де заңсыз контентті таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайына құқықтық баға беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз