Жамбыл облысында құмар ойынға бәс тіккен төрт мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылды

Жарияланды
Лудоманка из Шымкента украла 35 млн тенге и проиграла их
Жамбылда мемлекеттік қызметкерлер бәс тіккен/ kursiv.media архиві

Жамбыл облысының Жуалы ауданында төрт мемлекеттік қызметші букмекерлік кеңсенің қосымшасы арқылы тұрақты түрде бәс тігіп келген. Прокуратура тексерісінен кейін олардың барлығы мемлекеттік қызметтен босатылды.

Белгілі болғандай, жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасында жүйелі түрде ақша тігіп отырған.

Мысалы, мемлекеттік қызметшілердің бірі ойын шотына 23 млн теңгеден астам қаражат аударған.

Еске салайық, 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға заңмен тыйым салынған. Бұл талапты бұзу мемлекеттік қызметтен босатуға негіз болады.

Прокуратураның қадағалау актісі қаралғаннан кейін тәртіптік комиссия төрт қызметшіні теріс себептермен жұмыстан босату туралы шешім қабылдаған.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда айналымы 63 млн теңгеден асатын жасырын казино әшкереленді

Сондай-ақ оқыңыз