Астаналық адвокат істі «шешіп беру» үшін 7 млн теңге талап еткен

Жарияланды
Астанада адвокат пара талап етіп, сотталды / kursiv.media архиві

Астанада адвокат мемлекеттік органдарда таныстары барын айтып, қорғауындағы әйелден 7 млн теңге алмақ болған. Ол әйелдің бұлтартпау шарасын жеңілдетіп, қамауды үйқамаққа ауыстыруға көмектесетінін уәде еткен.

Алайда әйел заңсыз ұсынысқа келіспей, құқық қорғау органдарына хабар берген. Жедел іс-шаралар кезінде адвокат ақшаны алған сәтте ұсталды.

Сот үкімімен адвокат екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Астана прокуратурасы тергеу барысына заңсыз ықпал етуге тырысу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Оқи отырыңыз: Алимент төлемеген әке 3,2 млн теңге берешегін өтеуге мәжбүр болды

Сондай-ақ оқыңыз