Тоқаев Албания президентін тәуелсіздік күнімен құттықтады
Жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Албания президенті Байрам Бегайға елдің тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент жеделхатта Қазақстан мен Албания арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайға мемлекеттік қызметіне табыс, ал Албания халқына бақ-береке тіледі.
Тағы да оқыңыз: Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіге қатысты көрмені аралады