BilimClass кибершабуылдан кейін жұмысын қалпына келтірді

Жарияланды
фото: Kursiv Media

BilimClass білім беру платформасы кибершабуылдан кейін жұмысын қалпына келтіргенін мәлімдеді. Бұл туралы BilimClass баспасөз қызметі Kursiv Media-ға хабарлады. Компанияның 29 қараша күні сағат 09:00-де таратқан хабарламасына сәйкес, шабуыл кезінде кейбір оқу пәндерінің атауы өзгертілген. Платформаның мәліметінше, пайдаланушылардың деректеріне зақым келмеген.

BilimClass тексеріс барысында шабуыл жасағандардың платформадағы мәтін аудару сервисіне уақытша қол жеткізгенін анықтады. Компания олардың әрекетін дереу тоқтатқанын және пайдаланушылардың барлық дерегі қорғалғанын хабарлады.

Платформа оқушылардан, ата-аналардан және мұғалімдерден кешірім сұрады. Компания тексеріс жалғасып жатқанын, оның нәтижелері туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін не болды?

27 қарашада BilimClass платформасында техникалық ақау болып, оған кіру уақытша шектелген еді. Сол кезде компания киберқауіпсіздікті күшейту үшін қосымша техникалық жұмыстар жүргізетінін және пайдаланушылардың жеке деректері сыртқа тарамағанын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз