Сағат 14:00-дегі дерек: мәслихат сайлауында қай өңір ең белсенді
Жарияланды

29 қарашада сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46%-ы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала дерегінше, таңғы сағат 10:00-ден бері бұл көрсеткіш 12,31%-дан 45,46%-ға, яғни 33,15 п.т. өсті.
Ең жоғары белсенділік Жетісу облысында тіркелді — 58,35%. Одан кейін Түркістан (56,91%) және Қызылорда (56,38%) облыстары тұр. Ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында болды — 25,72%. Астанада сайлаушылардың 33,27%-ы, Шымкентте 32,74%-ы дауыс берген.
Өңірлер бойынша дауыс беру көрсеткіші
| Өңір | Дауыс бергендер үлесі |
|---|---|
| Жетісу облысы | 58,35% |
| Түркістан облысы | 56,91% |
| Қызылорда облысы | 56,38% |
| Шығыс Қазақстан облысы | 54,46% |
| Ақтөбе облысы | 54,17% |
| Абай облысы | 51,82% |
| Алматы облысы | 51,36% |
| Ақмола облысы | 49,14% |
| Жамбыл облысы | 48,05% |
| Маңғыстау облысы | 47,51% |
| Павлодар облысы | 46,83% |
| Атырау облысы | 46,71% |
| Қостанай облысы | 46,21% |
| Батыс Қазақстан облысы | 46,12% |
| Қарағанды облысы | 44,76% |
| Солтүстік Қазақстан облысы | 43,74% |
| Ұлытау облысы | 43,63% |
| Астана қаласы | 33,27% |
| Шымкент қаласы | 32,74% |
| Алматы қаласы | 25,72% |
Бұған дейін Kursiv Media ел бойынша 10 338 сайлау учаскесі жұмыс істейтінін және сайлаушылар тізіміне 12,68 млн адам енгізілгенін жазған.