Мәслихат сайлауы аяқталды, қазақстандықтардың 58,5%-ы дауыс берді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: ҚР ОСК

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметінше, сағат 20:00-дегі алдын ала есеп бойынша сайлаушылардың 58,55%-ы дауыс берген.

Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 77,58%-ы дауыс беруге қатысқан. Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш 75,69%, Жетісу облысында 74,09% болды.

Ал ең төменгі көрсеткіш Алматыда тіркелді. Қалада сайлаушылардың 37,70%-ы ғана дауыс берген.

Өңірлердегі алдын ала дауыс беру көрсеткіші мынадай:

  • Түркістан облысы – 77,58%;
  • Ақтөбе облысы – 75,69%;
  • Жетісу облысы – 74,09%;
  • Қызылорда облысы – 71,58%;
  • Абай облысы – 68,22%;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 65,48%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 62,75%;
  • Жамбыл облысы – 61,92%;
  • Маңғыстау облысы – 61,86%;
  • Алматы облысы – 60,41%;
  • Павлодар облысы – 60,23%;
  • Қостанай облысы – 57,14%;
  • Қарағанды облысы – 56,42%;
  • Ақмола облысы – 56,08%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 55,27%;
  • Ұлытау облысы – 54,61%;
  • Атырау облысы – 54,16%;
  • Шымкент – 44,72%;
  • Астана – 42,92%;
  • Алматы – 37,70%.

Еске салайық, сағат 10:00-де ел бойынша сайлаушылардың 12,31%-ы дауыс берсе, сағат 14:00-де бұл көрсеткіш 45,46%-ға жеткен. Ал сағат 16:00-де 53,8%-дан асқан.

Дауыс беру учаскелері жабылғаннан кейін комиссия мүшелері дауыстарды санауға кірісті. Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындысы 3 желтоқсаннан кешіктірілмей жариялануы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз