Басылым туралы

«Курсив» деген не

Курсив – 2002 жылы негізі қаланған халықаралық іскерлік басылым. Ол Қазақстан, Орталық Азия мен Закавказье мемлекеттеріндегі бизнес пен саясат аясындағы басты тақырыптар туралы орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде ақпарат таратады. Редакцияның кеңселері Астана, Алматы және Ташкент қалаларында орналасқан.

Курсив – жиырма жылдың ішінде оқырмандарына ыңғайлы форматта — баспа не мультимедиалық түрде — өнім шығаратын кәсіби журналистер, сарапшылар мен зерттеушілер тобы.

Курсивтің жарияланымдарын Орталық Азияның жоғары лауазымды шенеуніктері, топ-менеджерлері мен жеке кәсіпкерлері күтеді. Курсив тек қазіргі күннің мәселелерін бақылап, оларға талдау жасап қана қоймай, Қазақстан келешегінің бейнесін құруда.

«Курсив» құрамында

  • апта сайын шығарылатын баспа газеті
  • қазақстандық редакцияның интернет-сайты https://kz.kursiv.media
  • өзбекстандық редакцияның интернет-сайты https://uz.kursiv.media
  • Курсив. Research зерттеу орталығы
  • білім беру Курсив. Академия платформасы

Біздің ұстанымымыз:

Тәуелсіз болу. Қандай оқиға, компания және адам болмасын, бәріне тең қараймыз. Ешкімнің бізбен ерекше қарым-қатынас ұстануына құқығы жоқ әрі ешбір адам ондайды талап ете алмайды. Оқырман үшін құнды болу — біздің тақырып таңдаудағы ең басты өлшеміміз.

Сарапшылық. Біз өзіміз түсінбейтін тақырыптар туралы жазбаймыз әрі тек сарапшының ойына ғана сүйене алмаймыз. Сондай-ақ сарапшының орнына жеке басты тұжырым жасай алмаймыз. Куривтің авторы — деректерді бірге жинап әрі мәселелердің анық-қанығын білуге міндетті қызметкер.

Әділдік. Қандай да пайымдау, тұжырым мен баға беруді жасау алдында журналист оларды дерек, сан әлде сарапшылардың тұжырымдары арқылы дәлелдеу керек. Дерек, сан әлде сарапшылар ойы, өз бетінде, алдымен тексеруден өтуі тиіс. Біз бір ғана ақпарат көзіне сене алмаймыз.

Дәлдік пен фактчекинг. Біз өзіміздің ақпаратымызға жауап береміз, сондықтан бүкіл хабарланған ақпаратты тексеруден өткіземіз.

«Курсивтің» көрсеткіштері

8 000 баспа газетінің тиражы
337 өткен жылғы жарнама материал саны
Бір айда 1,5 млннан астам адам — сайттағы трафик
  70 адамнан астам — редакциядағы қызметкерлер саны

Иегерлер мен қаржыландыру

«Курсив» басылымының иегері 2010 жылы негізі қаланған ТОО «Alteco Partners». Бас директоры Муртазаев Эльмар Джевдетович.

Мекенжайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 115

«Курсив» басылымы мемлекеттік қаржыландыру немесе гранттарға тәуелді емес. Жұмысын жарнама арқылы түскен кірістермен қатар, иегердің ақшалай түсімдері арқылы жүргізеді.

Тіркеу туралы дәйектер

«Курсив» басылымының сайты Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркелген.

Куәлік нөмірі KZ13VPY00045579, 04.02.2022-дан

Сілтемелер

«Курсив» материалдарын әлемнің үздік басылымдары сайтқа сілтеме көрсету арқылы қолданады. Олардың ішінде:

The Guardian Logo Forbes Logo Oil Price Logo Yahoo Finance Logo Cointelegraph Logo

Біз туралы Википедиядағы парақша: https://ru.wikipedia.org/wiki/Курсив_(газета)