Қазақстандық финтех Kaspi.kz шамамен 1,13 млрд долларға Түркияның ірі маркетплейсі – Hepsiburada акцияларының 65,41%-ын сатып алмақ. Kaspi.kz компаниясы түрік интернет-дүкенінің үлесін сатып алатыны 18 қазанда белгілі болды. Қос тарап Hepsiburada акцияларының шамамен 65%-ын сату-сатып алу туралы келісімге қол қойған. Мәміле аяқталғаннан кейін екі компания да өз брендтері мен операциялық құрылымдарын сақтап қалады.…