Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы республикалық бюджеттің биыл 9 айдағы жай-күйін талдап, Қазақстан үкіметін Ұлттық қор қаражатын күмәнді мақсаттарға жұмсау мен мемлекеттік мүлікті «мұнай қорына» сатуды тоқтатуға шақырды. Қауымдастық сарапшылары өз шолуында ең алдымен ел бюджетіндегі дағдарысқа назар аударған. 2024 жылы қазынаға салық жоспардан айтарлықтай кем түскені белгілі: жоспар тек 52%-ға орындалды.…