Банктер 2 трлн теңге таза пайда тапқанымен, былтырғы межеден 10,4%-ға артта қалды

Жарияланды 20 Қараша 2026 15:04

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Банк / фото: NY
фото: NY

Қазақстан банктері қазанда 230,9 млрд теңге таза табыс тапты. Бұл былтырғы қазаннан 0,9%-ға артық. Қыркүйекте де табыс өткен жылғы деңгейден асқан еді. Соған қарамастан, он айда банктер былтырғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда, 236,4 млрд теңге кем тапты. Қаңтар–қазанда олардың жиынтық таза табысы 2,04 трлн теңгені құрады.

Қазақстан банктерінің таза табысы

2025 және 2026 жылдар, млрд теңге

Айлық таза табыс

Кезең20252026Өзгеріс
Қаңтар228,50198,55−13,1%
Ақпан220,37190,30−13,6%
Наурыз215,16203,41−5,5%
Сәуір240,52203,61−15,3%
Мамыр238,69239,83+0,5%
Маусым235,67159,88−32,2%
Шілде262,02200,89−23,3%
Тамыз223,07213,40−4,3%
Қыркүйек186,07201,85+8,5%
Қазан228,94230,93+0,9%

Жыл басынан бергі жиынтық таза табыс

Кезең20252026Өзгеріс
Қаңтар228,50198,55−13,1%
Қаңтар–ақпан448,87388,85−13,4%
Қаңтар–наурыз664,02592,27−10,8%
Қаңтар–сәуір904,55795,87−12,0%
Қаңтар–мамыр1 143,241 035,70−9,4%
Қаңтар–маусым1 378,911 195,59−13,3%
Қаңтар–шілде1 640,931 396,48−14,9%
Қаңтар–тамыз1 864,001 609,88−13,6%
Қаңтар–қыркүйек2 050,071 811,72−11,6%
Қаңтар–қазан2 279,012 042,65−10,4%

Дереккөз: Қазақстан Ұлттық Банкі, кірістер мен шығыстар туралы жиынтық есептің 900-жолы. 2025 жылғы есеп · 2026 жылғы есеп

Ең үлкен айырма маусым мен шілдеде тіркелді

Банктердің таза табысы он айдың жетеуінде былтырғыдан төмен қалыптасты. Ең үлкен айырма маусымда тіркелді. Сол айда банктер 159,9 млрд теңге таза табыс тапты. Бұл былтырғы маусымнан 32,2%-ға аз.

Шілдеде де табыс 23,3%-ға төмендеді. Осы екі айдың өзінде банктер өткен жылдың сәйкес кезеңінен 136,9 млрд теңге кем тапты. Он айдағы айырманың жартысынан астамы осы екі айға тиесілі.

Қазандағы өсім қанша болды?

Қыркүйекте банктер былтырғыдан 15,8 млрд теңге артық тапты. Қазанда бұл айырма 2 млрд теңгеге дейін қысқарды. Екі ай қатарынан өсім болғанымен, қазанның нәтижесі жыл басынан бері жиналған айырманы небәрі 2 млрд теңгеге қысқартты.

Сондай-ақ оқыңыз