2024 жылғы 29 тамызда Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін жариялайды. Қазіргі уақытта көрсеткіш 14,25%-ды құрайды. Ал шілдедегі инфляция 2023 жылдың ақпан айынан бері алғаш рет өсіп, жылдық 8,6%-ға жетті. Осыны ескере отырып Halyk Finance талдау орталығының сарапшысы Санжар Қалдаров болжамын ұсынды. «Реттеуші елдегі монетарлық шарттарды жеңілдету циклінде кідіріс…