Qarmet компаниясы (бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау») Қытай банктерінен 1,3 млрд доллар қарыз алмақ. Бұл қаржыны өз инвестициялық бағдарламаларын жүзеге асыруға жұмсайды. Бұл туралы компания бас директорының қаржы және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Зәуре Зәуірбекова мәлімдеді. «Жабдықтардың негізгі бөлігі көрші елден жеткізілетіндіктен, қазір Қытай банктерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Мәселен, кокс пешінің аккумуляторын…