2024 жылдың І тоқсанында Қазақстандағы ең ірі үш банк конгломератының нарықтағы үлесі 64,7%-дан 59,6%-ға дейін төменденген. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тоқсандық есебінде жазылған. Банк конгломераттарының активтері бірінші тоқсанда 1 трлн теңгеге (2,5%) өсіп, 43,7 трлн теңгеге жеткен. Актив көлемі бойынша көш бастап тұрған үштік өзгеріссіз қалған.…