Қызылорда облысында Құмкөл мұнай-газ кен орнындағы Арысқұм-Қызылқия өндірістік жолын қарғын су шайып кетті. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлайды. Телеарнаның мәліметінше, биыл Сыр өңірінде қалың қар жауып, көктемгі жауын-шашынның салдарынан сай-сала суға толды. Қыр беткейден аққан толассыз су мұнайшылар қатынайтын ішкі жолдың 15-шақырымын бұзып-жарып өткен. Қазіргі газ өндіретін кеніштерге қатынас қиындады.…