Қытайдың ірі үш компаниясы Қазақстанның мұнай-газ саласына инвестиция салуды көздеп отыр. Хайнаньда жүрген қазақ делегациясы жергілікті топ-менеджерлермен кездесті. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен ҚМГ басшысы Асхат Хасенов Қытайдың ірі мұнай-газ компанияларының басшыларымен кездесті. Хайнань аралында Боао Азия форумы өтіп жатыр. Қазақстан делегациясы…