Freedom Finance Түркия мен БАӘ-нің брокерлік нарығына шығуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Freedom Holding Corp иесі Тимур Турлов айтты. «Менің ойымша, жылдық табысымыздың 20-30%-ын [осы мақсатқа арнаймыз]. Біздің мақсатымыз – келесі жылдан бастау», – деді Турлов журналистердің сұрағына. Бірақ әзірге нақты қай кезде іске асатынын болжау қиын деп атап өтті.…