Forbes Real-Time Billionaires дерегіне сәйкес, 1 қазан кешке Илон Масктің байлығы 500 млрд долларға көтерілген. Кейін көрсеткіш сәл төмендеп, қазір 499,1 млрд долларды құрайды. Масктің дәулетінің өсуіне Tesla акцияларының шамамен 4%-ға қымбаттауы әсер етті. Акциялардың қымбаттауы бір күнде оның байлығын 9,3 млрд долларға арттырды. Tesla акциялары сәуірден бері екі есе…