2026 жылдың алғашқы тоқсаны отандық шағын және орта бизнес үшін ауыр сынақпен басталды. Салық заңнамасындағы соңғы өзгерістерден кейін, әсіресе, арнайы салық режимімен (АСР) жұмыс істейтін кәсіпкерлердің табысы күрт төмендеп, айналымы 30–40 пайызға азайып кеткен. Бұл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қарағандыда өткен бизнес өкілдерімен кездесуден кейін…