SpaceX IPO-сына бір ай — ал қарапайым инвесторлардың 99%-ы шығынға ұшырады

Жарияланды 14 Шілде 2026 10:13

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
SpaceX акцияларына бір ай болды / shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

SpaceX IPO-сы өткеніне тура бір ай болды. Компания акциялары саудасы басталған күні бір акцияның орналастыру бағасы 135 доллар болып белгіленген еді. Алайда алғашқы сауда сәттерінен бастап акция бағасы күрт құбылып, көптеген бөлшек инвесторлар қағазды әлдеқайда жоғары бағамен сатып алуға мәжбүр болды.

Қазір SpaceX акциялары 138 доллар шамасында саудаланып жатыр. Сауданың алғашқы секундтарында негізінен ірі инвесторлар мен аллокация алған қатысушылар мәміле жасағанын ескерсек, қарапайым инвесторлардың арасында нақты пайда көргендердің үлесі 2%-ға да жетпейді және олардың табысы да айтарлықтай үлкен емес.

фото: Trading View / Space X акция графигі

Сауда басталған күні немесе алғашқы күндері акцияны 150 доллар шамасында сатып алған инвесторлар қазір шамамен 7–10% шығынға ұшырап отыр.

Ал хайптың шарықтау кезеңінде, акция бағасы 225 долларға дейін көтерілген кезде сатып алғандар бүгінде шамамен 40% жоғалтты. Яғни бөлшек инвесторлардың басым бөлігі қазір минуста. Пайдада негізінен IPO-ға дейін немесе орналастыру бағасымен акция алған инвесторлар ғана қалды.

Әрине, бұл SpaceX акциялары ұзақ мерзімде міндетті түрде әлсіз болады дегенді білдірмейді. Дегенмен IPO көптеген сарапшылар алдын ала айтқан сценариймен өтті: қарапайым инвесторлар жоғары бағамен сатып алып жатқанда, ертерек кірген ірі инвесторлар өз үлестерін тиімді бағамен сатып, пайдасын тіркеді.

Тағы да оқыңыз: Осы бір айда компания акциясы өскен сәтте Илон Маскінің дәулеті 1,3 трлн долларға жеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз