Әнші Төреғали Төрәлі Түркістанға көшіп келді. Оның айтуынша, бұл – жай ғана мекен ауыстыру емес, жүрекпен қабылданған шешім. «Түркістан – тарихтың үнін сақтаған, уақыттың тынысын сездірген, рухтың тамыры тереңге кеткен қасиетті шаһар. Бұл қалада үнсіздік те мағыналы.Бұл жерде әрбір көше, әрбір тас – шежіре. Өткен мен болашақ бір-біріне қарсы тұрмайды.…