Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Арман Дүйсеновтің әйелі Айсұлу Айданқызы сот шешімімен өз үйінің иесі болып, баспанасын қайтарып алды. Қуанышты жаңалықпен журналист Руслан Өтепбай бөлісті. «Ардақты ағайын, сүйінші. Арман Дүйсеновтің келіншегі Айсұлу ханым соттың шешімімен үйін қайтарып алды. Қолдау көрсеткен барша қазақ еліне Айсұлу ханым алғысын білдіруде», – делінген журналистің жазбасында.…