Ирландия астанасы Дублинде 12–22 қараша аралығында өткен XIII Silk Road International Film Festival – «Жібек жолы» халықаралық кинофестивалінде қазақстандық актер Ерлан Төлеутай «Үздік актер» номинациясында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Kazakhcinema хабарлады. Ерлан Төлеутай режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» толықметражды көркем фильмінде басты рөлді сомдаған. Бұған дейін қараша айының басында Парижде өткен…