Сәкен Майғазиев әлеуметтік желілерде көпшілікті құмар ойын ойнауға шақырған видеолардан сақ болуға шақырды. Өйткені, айтуынша, онда әншінің бейнесі жасанды интеллект арқылы жасалған. «Жасанды интеллектімен жасалған жалған бейнежолдау! 50 жасыма дейін бәс тігіп көрмегенмін. Алдағы қалған өмірімде де бір АЛЛА құмар ойыннан сақтасын! Сіздерді де лудоманияға жақындамауға шақырамын», – деп жазды…