Қырғызстанның «Көкбөрі» федерациясы Қазақстанға Ыстықкөл жағасында 1 қарашада қарымта матч өткізуді ұсынған еді. Алайда Қазақстанның көкпар құрамасы бұл матчқа қатыса алмайды. Бұл туралы Қазақстан көкпар федерациясы мәлімдеді. Федерацияның мәліметінше, ол уақытта көкпаршылар басқа жарысқа қатысады. «Біздің көкпаршылар Ыстықкөл жағасындағы Келісім кубогына қатыса алмайды, өйткені көрсетілген күндерде басқа маңызды жарыстар жоспарланған.…