Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді, – деп жазды Президент өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында. XVII жазғы Паралимпиада ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг…