HBO Original студиясы Хәрри Поттер туралы жаңа сериалдың басты кейіпкерлерін сомдайтын актерлер құрамын жариялады. Warner Bros. Discovery баспасөз хабарламасына сәйкес, Хәрри Поттердің рөлін Доминик Маклафлин орындайды. Ал оның адал достары Рон Уизли мен Гермиона Грейнджерді тиісінше Аластар Стаут пен Арабелла Стэнтон сомдайды. Сериалдың кастинг директоры Франческа Гардинер: «Көп ізденістен кейін…