Қырғызстан астанасы Бішкектегі №33 мектеп-гимназиясына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, жазушы Кемел Тоқаевтың есімі берілді. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов мәлімдеді. Алагөзовтің айтуынша, бұл бастама Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа тиесілі. Сондай-ақ Жапаров бұл жаңалықты Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресейге жасаған жұмыс сапары барысында хабарлаған. Кемел Тоқаев — қазақ детектив жанрының…