Қазақстанның жас шахматшылары Грекияның Родос аралында өткен жылдам және блиц шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел тарихындағы ең үздік нәтиже көрсетті. 13-17 сәуір аралығында өткен додада 49 елден 433 спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасы 14 жүлде — 10 алтын және 4 қола медаль еншілеп, отандық шахмат тарихында жаңа рекорд орнатты.…