Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттардың атқарған жұмыстары туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады. Басты мәселелердің бірі ретінде қыз алып қашуға қатысты жазаны күшейтуге бағытталған заң жобаларын дайындау үдерісі аталды. Бұған дейін наурыз айында Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда президент бұл дәстүрді «өрескел надандық» деп атап, заңнаманы қайта қарау туралы тапсырма берген еді.…