13-14 ақпанда Мемлекеттік кірістер комитеті елдегі блогерлер, инфлюенсерлер секілді 543 тұлғаға салық ескертуін жіберді. Олар 2022-2023 жылдар аралығында кірістерін дұрыс көрсетпеген деп отыр. Артынша әлеуметтік желілерде осы санатқа кіретін 31 адамның тізімі жарияланды. Олардың арасында кәсіпкер, жүргізушілер, блогерлер, әнші, журналистер де бар. Бірақ 31 адамның ешқайсысы салық органдарының айыбына келіспейтін…