NASA АҚШ азаматтары арасында Айда тәжірибе жинақтап, жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жаңа астронавтар тобын іріктеуді бастады, деп хабарлайды Kursiv.Media. Өтінімдер 3 желтоқсанға дейін қабылданады. Таңдалған үміткерлер Хьюстондағы Линдон Джонсон атындағы Ғарыш орталығына орналасады, ал олардың жылдық еңбекақысы 164 395 долларды құрайды. «Біз таңдайтын мамандар Айда жүріп, ғарыш базасында еңбек етеді. Сондай-ақ, болашақта Марсқа…