Марста қатар тізілген жұмбақ тастар табылды: ғалымдар түсіндіре алмай жатыр

Жарияланды 24 Қараша 2026 23:48

(жаңартылды 25 Қараша 2026 09:30)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Марста қатар тізілген жұмбақ тастар табылды: ғалымдар түсіндіре алмай жатыр / Фото: Nasa

NASA мамандары Марс бетінен таңғаларлықтай түзу әрі ирек қатарларға тізілген алып тастарды тапты. Ғалымдар бұл ерекше тізбелердің қалай қалыптасқанын әзірге нақты түсіндіре алмай отыр, деп жазады ScienceAlert.

Аномалия Марс экваторына жақын Фарсида жанартаулы аймағындағы Даедалия жазығында орналасқан. 2002 жылғы суреттерде бұл аумақ қарапайым жазық болып көрінгенімен, NASA-ның Mars Reconnaissance Orbiter аппаратындағы HiRISE камерасы түсірген жаңа кадрлар 5×15 шақырымдық аумақта күрделі геометриялық өрнектер бар екенін көрсетті.

«Ашық түсті алып тастар арақашықтығы 5-10 метр болатын ұзын, иілген қатарларға тізілген. Пайда болған өрнек саусақ ізіне қатты ұқсайды», – дейді АҚШ Геологиялық қызметінің планетологы Пол Гайслер.

Оның айтуынша, мұндай құрылым Қызыл ғаламшардың басқа еш жерінде кездеспеген.

Жердің суық аймақтарында топырақтың қатуы мен еруі салдарынан ірі тастар ұсақ бөлшектерден бөлініп, түзу жолақтар немесе шеңберлер құрайды. 5455 метр биіктіктегі Даедалия жазығында да осындай процесс жүруі мүмкін.

Марстағы жер сілкіністері «бразилиялық жаңғақ әсерін» тудыруы ықтимал. Яғни, топырақ тербелген кезде ұсақ бөлшектер төмен түсіп, ірі тастар біртіндеп жер бетіне ығысып, белгілі бір ретпен орналасқан.

Сондай-ақ оқыңыз