Мысыр визасын рәсімдеу 2027 жылдан қымбаттайды

Жарияланды 23 Қыркүйек 2026 21:52

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Мысыр визасын рәсімдеу 2027 жылдан қымбаттайды / Фото: Shutterstock

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мысырға кіру визасының құны қымбаттайды. Бір реттік визаның базалық бағасы 30 доллардан 33 долларға өседі, деп хабарлайды Kursiv.LifeStyle.

Мысырдың Akhbar Al-Youm басылымы елдің Туристік компаниялар мен агенттіктер палатасының циркулярына сілтеме жасап хабарлауынша, виза рәсімдеу және қызмет көрсету үшін қосымша 6 доллар алынады. Бұған банк комиссиялары мен салықтар да қосылады.

Осылайша, бір реттік визаның жалпы құны 39 долларды құрайды. Бұл 2026 жылғы қыркүйектегі бағам бойынша шамамен 17,5 мың теңге.

Транзиттік визаны рәсімдеу алымы да 3 долларға өседі. Алайда оның жаңа жалпы құны әзірге нақтыланбаған.

Мысыр үкіметі тарифтерді қайта қарау туралы шешімді 2026 жылғы 13 тамызда қабылдаған. Бұл туралы туристік нарық өкілдеріне жолданған №173 циркулярда көрсетілген.

Палата туристік компанияларды жаңа тарифтерді ескеріп, шетелдік серіктестер мен саяхатшыларға ұсыныстар мен ақпарат берген кезде жаңартылған бағаларды көрсетуге шақырды.

Айта кетейік, Грузия рұқсатсыз жұмыс істеген қазақстандықтарды елден шығара бастайтыны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз